Димаштың тұңғыш жеке альбомы 37 секунд ішінде платиналық болды

0
1 387

Әнші фанаттарына алғысын білдірді.


Димаштың тұңғыш жеке альбомы 37 секунд ішінде платиналық болды

ERNUR.KZ. Димаш Құдайберген өзінің бірінші жеке альбомын шығарды, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы әнші Instagram-да хабарлады.


– Бір сағат бұрын менің бірінші жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде альбом платиналық болды. Бір сағатта үш дүркін платиналық болды. Бақыттымын. Тыңдармандарыма үлкен рахмет, менің жетістіктерім – сіздердің арқаларыңызда, – деді Димаш.

Платиналық альбом мәртебесі – сатылған даналарына қарай әр елде әрқалай беріледі: АҚШ-та – 1 миллион дана, Ұлыбританияда – 300 мың дана, Польша, Италия, Испания, Канада, Украинада – 100 мың дана. Ресейде 2018 жылы альбомдар 10 мың данасы сатылғанда платиналық болып есептеледі.

Альбомы шығатыны туралы Димаш үш күн бұрын хабарлаған болатын.