"Діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан аспауы керек" - Жандарбек Бекшин

0
906

Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады.


ERNUR.KZ. 9 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілетіндігі туралы мәлімдемесі жарияланған болатын. Бірақ Алматы қаласында коронавирус инфекциясының күшейіп кетуіне байланысты қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин діни ғимараттарға кіретін адам саны шектелетінін айтты, деп жазады Skifnews.kz.


«Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады. Тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және атрибутикаларды сату рұқсат етіледі.

Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек. Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты.

Өз кезегінде, діни ғимараттарға келуші жамағаттан қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауды және барлық санитариялық талаптарды сақтауды сұраймыз», – деді Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.