Доллар бағасы тұрақтанды

0
635

12 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.


Доллар бағасы тұрақтанды

ERNUR.KZ. Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 449,74 теңге болды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,66 теңге (+0,05) деңгейінде тұрақтады, сауда көлемі 4,5 миллион юаньға жетті.

Кешегі кешкі саудада Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,14 теңгеге арзандап, 5,72 теңге болды. Сауда көлемі 1,47 миллиард рубльге жетті.

Еуро бағамын Ұлттық банк 491,02 теңге деңгейінде белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450-454,5 теңге, еуро 490-497 теңге, ресей рублі 5,2-5,65 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.

12 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 2,18 пайызға өсіп, 96,93 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 2,53%-ға өсіп, 101,64 долларға жетті.