Досаев Алматы полициясымен кездесті

0
878

Әкім қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетілгенін, бүлінген ғимараттар жөнделіп жатқанын атап өтті.


Досаев Алматы полициясымен кездесті

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев полиция қызметкерлерімен кездесті, деп жазады sputnik.kz.

Қала басшысы полиция қызметкерлеріне террористік әрекеттер кезіндегі қызметі үшін алғыс білдірді.
Әкімге Жедел басқару орталығы, оның ішінде бүкіл қала бойынша орнатылған 10 мыңнан астам бейнекамераға қосылған бейнебақылау жүйесі көрсетілді.
"Ең алдымен қаланы террористерден қорғау жолында қаза тапқан полицейлердің жақындары мен туған-туысқандарына көңіл айтамын. Қаңтар трагедиясы кезінде кәсіби міндетті адал атқарғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Өліммен бетпе-бет келген сәтте ешқандай қауіп-қатерге қарамастан батырлық танытып, қылмыскерлерге қарсы ерлікпен күресе білдіңіздер", - деді Досаев.
Ол сондай-ақ Алматы басшылығы тарапынан қаланың құқық қорғау органын одан әрі жетілдіруге күш жұмсап, тұрғындардың сенімін арттыру үшін полиция қызметі мұқият сараланатынын айтты.
"Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін полиция қызметін жандандырып, заманауи техникамен жабдықтау керек екенін қалаға жасалған шабуыл айқындап берді", - деді қала әкімі.
Аким Алматы Ерболат Досаев встретился с полицейскими - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022


Айтуынша, қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетілді, қазір бүлінген ғимараттар жөнделіп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Аким Алматы Ерболат Досаев встретился с полицейскими - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022

Біз бәріміз қаланың тыныштығы үшін тік тұрып, аянбай еңбек ете алатынымызға сенімдімін, деді Ерболат Досаев.