Дәрігерлер алматылықтарды мешітке маска киіп келуге шақырды

0
1 494

Дәрігерлер менингококк қауіпіне байланысты намаз оқуға келген алматылықтарды мешітке медициналық бетперде киіп келуге шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Мешітке барарда медициналық бетперде киюді Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ұсынып отыр. Бұл ұсынысқа жергілікті тұрғындар арасында менингокок жұқпасымен ауыратындардың саны артуы себеп болып отыр.

«Тұрғындардан өздерін салқын тиюден сақтанып, халық көп жиналатын ғимараттарда өтетін мәдени-көпшілік орындарға барудан, спорттық іс-шаралардан, бассейндерге барудан шектеуді өтініп сұраймыз. Намаз уақытында мештіке барғанда жеке бастың тазалығын сақтап, медициналық бетперде кию қажет», - делінген департаменттің хабарламасында.

Сонымен қатар, медицина өкілдері аталған аурудың алғашқы белгілері (бастың ауыруы, тамақ ауыру, дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік, бөртпенің пайда болуы) байқалысымен «Жедел жәрдем» шақыру керектігін және дер кезінде дәрігерге қаралу науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін де айтты.

Айта кетейік, Алматыда 25 мамырда менингококк жұқпасынан 4-ші тұрғын қайтыс болған.