ДСМ жұқпалы аурулар ауруханаларының бос тұрғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
860

Госпитальдер бос тұрған жоқ, деп хабарлады ДСМ.


ДСМ жұқпалы аурулар ауруханаларының бос тұрғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханалары бос, ал КВИ-мен сырқаттанушылық статистикасы қолдан жасалады деген пікірлерін білдіруде. Бұл – жалған ақпарат, деп жазады stopfake.kz.

Facebook қолданушысының айтуынша, еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалары бос тұр, оның танысы ауруханаға түскенде басқа науқастарды көрмеген екен. Бұл мәлімдеме еліміздегі қазіргі нақты жағдайға қайшы.




«Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат. Госпитальдер бос тұрған жоқ», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен.


Ведомствоның мәліметінше, 14 сәуірде еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалардың жүктемесі 40% құрады. Науқастардың басым бөлігі Алматы ауруханаларында тіркелген – 3 430, Алматы облысында – 2 460. Олардан кейін науқастар саны бойынша Қарағанды облысының жұқпалы аурулар ауруханалары тұр. Пациенттер 1082 төсек-орынға жатқызылды.

Жалпы, еліміздің барлық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі кезде 12 482 төсек-орын қолданылуда.