Бір пәтердің құны орта есеппен 165 млн теңге.
ERNUR.KZ. Дубайда 1550 отандасымыздың өз баспанасы бар. Бұл туралы белгілі блогер, экономист, журналист Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады ulysmedia.kz.
Блогердің дерегінше, қазақстандықтар Дубайдан жиыны 2694 баспана сатып алған. Бір пәтердің құны орта есеппен 165 млн теңге.
Салыстырмалы түрде айтсақ, Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласынан ресейліктер 9755 пәтер, қырғызстандықтар 236 пәтер алған.