13 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
ERNUR.KZ. Дубайдан ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 12 қаңтардан бері Қазақстанға COVID-19 анықтамасыз 94 жолаушы ұшып келген.
"ПТР-талдау нәтижелері бойынша, 2021 жылдың 12 қаңтарында Қазақстанға анықтамасыз келген 94 адамның ішінде Дубай-Алматы рейсімен ұшып келген екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 13 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.