Президент дүйсенбі күні барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс екенін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Үкіметке және президент әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Келесі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін Қазақстандықтар наурызда 8 наурызда 3 күн және Ұлыстың ұлы күні мейрамында 5 күн демалатыны айтылған болатын.