Дүйсенова қандай жағдайда зейнетақы көтерілетінін айтты

0
399

Базалық зейнетақысы аз болған азаматтардың төлемі 21 процентке артты.


Дүйсенова қандай жағдайда зейнетақы көтерілетінін айтты

ERNUR.KZ. Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жыл соңына дейін зейнетақы тағы көтеріле ме деген сұраққа жауап берді, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл инфляция дәлізіне байланысты. Қазір Ұлттық банк маусым айында инфляция 15 процент болатынын айтты. Сол себепті инфляция деңгейіне қараймыз", - деп жауап берді Дүйсенова үкімет кулуарында.
Министр биыл қаңтар айынан бастап елімізде базалық зейнетақы төлемі өскенін атап өтті.
"Базалық зейнетақысы аз болған азаматтардың төлемі 21 процентке артты. Орташа көлемде алатындардың зейнетақысы осыдан сәл төмен, ал жоғары зейнетақы алатындарда 8,5 процентке көтерілді", - деді ол.