Қылмыстық іс бақылауда.
ERNUR.KZ. ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.
Оның айтуынша, күдіктілер ұсталды.
"2020 жылдың 10 қарашасында Нұр-Сұлтандағы Көктал шағын ауданында төбелес болды. Нәтижесінде пышақ жарақатынан 17 жастағы Жанболат Ағаділ көз жұмды. Жедел-тергеу тобы ЖШС жұмысшылары мен Талапкер кентінің жастары арасында қақтығыс болғанын анықтады. Нәтижесінде Ақмола облысының Талапкер кентінен Көктал шағын ауданына 20 адам келіп, кәсіпорынның жас қызметкерлері тұратын жерге келген", - деді Санжар Әділов.
Оның айтуынша, жанжал төбелеске ұласқан.
"Жанболат Ағаділ Талапкер ауылынан қақтығыстың басқа қатысушыларымен келген. Кейіннен Ағаділ сол жерде пышақ жарақатын алып, көз жұмған.
Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 99-баптың 2-бөлігі бойынша ("Адам өлтiру") да. Оқиғаның, төбелестің барлық қатысушысы ұсталды. Негізгі күдіктілер де ұсталды. Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан үш адам, оның ішінде кісі өлтірген күдікті Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп толықтырды ІІМ өкілі.
Қылмыстық іс бақылауда. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады деді ведомстводағылар.
Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер Дулат Ағаділдің ұлын пышақтап өлтіргені хабарланған болатын.