Дүниежүзілік банк келер жылғы мұнай бағасына болжам жасады

0
868

Банк болжамына сәйкес 2021 жылмен салыстырғанда энергия тасымалдау 2022 жылы 80%-ға өсуі мүмкін.


Дүниежүзілік банк келер жылғы мұнай бағасына болжам жасады

ERNUR.KZ. Биыл мұнай бағасы (Brent, WTI және Dubai) барреліне орта есеппен 70 АҚШ долларын құрады. Дүниежүзілік банк мәліметінше, 2022 жылы баға барреліне 74 долларға дейін көтеріледі, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Әлем бойынша мұнайға сұраныс артты. Көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейге жетеді. Әлем бойынша энергия көздерінің қымбаттауы байқалады. Мұнайды табиғи газды алмастырғыш ретінде пайдалану бағаның өсуіне әсер етіп отыр. 2022 жылы металдар бағасы 5%-ға төмендейді», ˗ делінген Дүнеиежүзілік банк болжамында.

Банктің аға экономисі Джон Баффстың айтуынша, табиғи газ бен көмір бағасының өсуі алюминий мен мырышты қоса алғанда, бірқатар металдар өндірісінің төмендеуіне кері ықпал етпек. Алдағы уақытта әлемде энергия көздерінің тапшылығы туындайды. 2021 жылдың үшінші тоқсанында энергия бағасы тез өсті. Келер жылы баға көтерілмесе, төмендемейді. Бұл бүкіл әлемде инфляциялық қысымның жоғарылауына ықпал етеді. Энергия экспорттаушы елдерде өсім болады, импорттаушы елдер шығынға батады. Банк болжамына сәйкес 2021 жылмен салыстырғанда энергия тасымалдау 2022 жылы 80%-ға өсуі мүмкін.