​Дзюдодан Азия чемпионатына баратындардың құрамасы анықталды

0
1 026

Дзюдодан Азия чемпионаты 1966 жылдан бері өткізіліп келеді.


​Дзюдодан Азия чемпионатына баратындардың құрамасы анықталды

ERNUR.KZ. Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама мүшелері белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Чемпионат 20-23 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтеді. Оған дүниежүзінің 40-қа жуық мемлекетінен балуандар келеді. Айта кетерлігі, дүбірлі додаға біздің балуандар толық құрамда қатысатын болады.

Жарыста жігіттер қатарынан Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Ерлан Серікжанов (66 келі), Елдос Жұмақанов (66 келі), Ақылбек Серік (73 келі), Дидар Хамза (81 келі), Руслан Мұсаев (81 келі), Ислам Бозбаев (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды. Ал қыздар арасында Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі), Ақмарал Науатбек (48 келі), Анна Казюлина (52 келі), Севара Нишанбаева (57 келі), Ақниет Тұрдан (63 келі), Иоланта Бердібекова (63 келі), Мөлдір Нарынова (70 келі), Зарина Райфова (78 келі) және Гүлжан Исанова (78 келіден жоғары) татамиге шығады.

Дзюдодан Азия чемпионаты 1966 жылдан бері өткізіліп келеді. Байрақты бәсеке 2004 жылы еліміздің Алматы қаласында жалауын көтерген болатын. Бүгінгі күнге дейін құрлықтық додада 351 алтын, 351 күміс, 699 қола жүлде сарапқа салынды. Оның ішінде 16 алтын, 20 күміс, 68 қола медаль біздің саңлақтарға бұйырды. Осының нәтижесінде жүлде алу жөнінен алғашқы бестікте тұрмыз.

Медаль алу жөнінен Жапония көш бастап келеді, олардың еншісінде 151 «алтын», 79 «күміс» және 96 «қола» бар. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Корея - 85 алтын, 84 күміс, 112 қола, Моңғолия 17 алтын, 39 күміс, 81 қола медаль еншілеген.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің балуандары сапынан Иван Каразелиди (65 келі), Сергей Шакимов (85 келі), Асхат Житкеев (100 келіге дейін), Базарбек Дөңбай (60 келі), Мұратбек Қыпшақбаев (66 келі), Максим Раков (100 келі) пен Гүлжан Иссанова (78 келіден жоғары), Сергей Лим (66 келі), Елдос Сметов (60 келі), Галбадрахын Отгонцэцэг (48 келі), Маржан Ордабаева (63 келі) чемпион атанған еді.