ЕАЭО: ауыл шаруашылығы техникасының кейбір түрлеріне баж салығы салынбайды

0
283

Шара өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған.


ЕАЭО: ауыл шаруашылығы техникасының кейбір түрлеріне баж салығы салынбайды

ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі қызылша пәлегін кесетін және қызылша жинайтын машиналарға қатысты кедендік баж салығының нөлдік мөлшерлемесін қолдану мерзімін 2026 жылдың 30 маусымын қоса алғандағы кезеңге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

Шара Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдауға бағытталған және тозуы жоғары техниканы кезең-кезеңімен ауыстыру үшін жаңа қызылша жинау комбайндарын сатып алуға мекемелердің шығынын азайтуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді ЕЭК кедендік, тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
"Шешім ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуін тежеуге және біздің елдердегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі", - деді Казарян.
Шешім ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қарастырылып отырған өнім түрлері үшін кедендік әкелу бажының уақытша нөлдік мөлшерлемесі 2022 жылдың 28 наурызынан бастап 2024 жылдың 30 маусымын қоса алғандағы мерзімде қолданылды.