Сот әйелдің қылмысын мойындағанын ескерді.
ERNUR.KZ. Қарағандыда егіз баласын өлтіріп алған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Бұл әрекетке абайсыздан барғанын айтқан анаға 2 жарым жыл шартты жаза кесілді, деп хабарлайды ktk.kz.
Балаларын байқамай өлтіріп алған ол әу баста өз кінәсін мойындап, ағынан жарылған. Әйел ішімдікке тойып алып, балалардың үстіне қалың көрпені жаба салғанын жасырмайды. Содан бүлдіршіндерге ауа жетпей қалған. Сот процесі бір апатаға да созылған жоқ. Өз кінәсін мойындаған сотталушыға ауыр жаза қолданылмады.
- Сот оның бұған дейін сотталмағанын, екі баласы барын және қылмысын мойындағанын ескерді. Сондықтан екі жыл алты ай мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесті, - дейді судья Еркеш Мәукен.