Egov-тан балаңыздың мәліметін таппай қалсаңыз не істеу керек

0
840

Бүгінгі таңда Egov электронды үкімет порталында дерекқорда тіркелген барлық бала көрсетіледі.


Egov-тан балаңыздың мәліметін таппай қалсаңыз не істеу керек

ERNUR.KZ. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы қазақстандық ата-аналарға балаларының цифрлық деректерін айқын көру үшін Egov мобильді қосымшасын соңғы үлгісіне жаңартуға кеңес береді, деп inform.kz.

«Бүгінгі таңда Egov электронды үкімет порталында дерекқорда тіркелген барлық бала көрсетіледі. Сирек жағдайларда, цифрлық құжатта кейбір балалар ата-анада мүлдем көрсетілмеуі немесе қате көрсетілуі мүмкін. Дегенмен, бұл олардың төлемдерді алуына әсер етпейді және ата-ана мен бала арасындағы туыстық қарым-қатынас тек цифрлық құжаттарда анықталмағанын білдіреді. Қазақстан азаматы болып табылатын әрбір бала Egov порталында көрсетілген деректерге қарамастан Ұлттық қордан төлем алады» делінген ұйымның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

18-ге толмаған баласы бар қазақстандықтар «Ұлттық қор — балаларға» жобасында отбасының деректері дұрыс түзілгенінен көз жеткізу үшін Egov электронды үкімет порталында «Баланы қосу» функциясын пайдалану керек.

Ол үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
  • Цифрлық құжаттағы «Отбасы» бөліміне өтіп, «Баланы қосу» түймесін басыңыз.
  • Осыдан кейін «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі ашылады, ондағы барлық жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтініш беру қажет.

«Өтінішті АХАТ қызметкерлері 2-ден 5 жұмыс күн ішінде қарастырады. Өңдеу аяқталғаннан кейін сіз хабарлама аласыз және бала жайлы ақпарат цифрлық құжаттарда пайда болады. Осы қадамдарды орындау арқылы сіз eGov.kz және eGov mobile цифрлық құжаттарында балаңызбен туыстық қарым-қатынас орната аласыз», — деп жазады акционерлік қоғам мамандары.