​Egovkz Telegram каналына тағы 3 қызмет қосылды

0
1 614

Бұдан былай @EgovKzBot Telegram-боты арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекке онлайн тұруға болады.


​Egovkz Telegram каналына тағы 3 қызмет қосылды

ERNUR.KZ.Бұдан былай @EgovKzBot Telegram-боты арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекке онлайн тұруға болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Осылайша, Электрондық үкімет порталының чат-каналының арқасында пайдаланушылар ХКҚО-ларға кезекке тұра алады, тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтамасын алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама берілетін болады», – делінген аталмыш жазбада.

Қазіргі таңда @EgovKzBot арқылы азаматтар 13 мемлекеттік қызметтің түрін алуға мүмкіндігі бар. Олардың қатарында:

  • мекенжай анықтамасы;
  • жылжымайтын мүлік aнықтамасы;
  • сотталмағaндығы турaлы анықтама;
  • жеке тұлғaның бaсқа зaңды тұлғалaрда қaтысуы турaлы анықтама;
  • жылжымaйтын мүлiкке тiркелген құқықтар (aуыртпалықтaр) туралы анықтама;
  • тіркелген заңды тұлға, филиaл немесе өкiлдік турaлы анықтама;
  • заңды тұлғаның филиaлдары мен өкiлдіктерiнің бaр екендiгi турaлы aнықтамaны aлуғa мүмкіндігі бaр.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, Telegram чат-ботын пайдаланушылар өзінің әлеуметтік мәртебесі мен зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты да біле алады. Бұған қоса, емханаға тіркеліп, дәрігердің қабылдауына жазылуға немесе оларды үйге шақыртуға мүмкіндіктері бар.

Ә.Тұрысовтың айтуынша, аталған чат-бот 2018 жылдың 21 мамырында іске қосылған болатын.

«Біздің @EgovKzBot ағымдағы жылдың 21 мамырынан іске қосылғаннан кейін оған 11 мыңнан аса тұрғын тіркеліп, оларға 11 151 мемлекеттік қызмет көрсетілген болатын. Аталған чат-ботта қызметтер саны көбейе беретін болады. Ең қажетті қызмет түрлері @EgovKzBot-қа салынады.

Электрондық үкімет порталының белсенді қолданушыларын және барша халықты біздің Телеграм-ботқа көшуге шақырамын. Бұл өте жайлы әрі тез», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы.

Айта кетейік, кезекті брондау қызметін қолдану үшін сіз «Мобильдік азаматтар базасында» тіркеуіңіз бар болуы қажет. Ол үшін өзіңіздің телефон нөмірін «Электронды үкімет» порталында тіркеп, Telegram мессенджерін қосуыңыз керексіз. Алдын-ала дайындалған бұйрықтарды жолдап, SMS-код арқылы растасаңыз, таңдаған мемлекеттік қызметтерді алатын боласыз.

Дереккөз:sn.kz.