"Екеуінің жағдайы ауыр": Қарағанды-Балқаш трассасында 3 көкпаршы қаза тапты

0
511

Фургонда көкпаршылармен қоса олардың жылқылары да болған. Олардың барлығы дерлік қырылып қалған.


ERNUR.KZ. Кеше таңертең "Қарағанды-Балқаш" трассасында жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады baq.kz.

ZTB.KZ мәліметінше, Жамбыл облысынан көкпар командасының спортшылары Қарқаралыда өткен республикалық турнирден Меркеге қайтып бара жатқан. Жеңімпаз атанған команда кубокпен келе жатқан. Алайда спортшылар мінген фургон басқа жүк көлігімен соқтығысты.

Салдарынан екі көкпаршы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы біреуі ауруханада ес жимастан қайтыс болды. Қазір дәрігерлер тірі қалған екі спортшыны аман алып қалу үшін барын салып жатыр. Олардың жағдайлары өте ауыр деп бағалануда. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Фургонда көкпаршылармен қоса олардың жылқылары да болған. Олардың барлығы дерлік қырылып қалған. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.