Екі адамның денесі мен арбада жатқан нәресте оқиғасы: адамдарды қаққан жүргізуші ұсталды

0
554

Автокөліктің жүргізушісі, (көліктің иесі) Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.


Екі адамның денесі мен арбада жатқан нәресте оқиғасы: адамдарды қаққан жүргізуші ұсталды

ERNUR.KZ. Сот күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«8 тамыз күні 39 жастағы Петропавл тұрғынын екі айға қамауға алу жөнінде санкция берді»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін 5 тамыз күні сағат 23:40-та СҚО-ның Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарақоға мен Надежка ауылдарының арасындағы жолдың шетінде қимылсыз жатқан екі адамның жатқаны туралы хабарлама түскенін жаздық.

Оқиға орнынан полиция қызметкерлері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарын, ер адам мен әйел адамның денесін тапқанын жаздық. Сондай-ақ оқиға орнына жақын жерде балаларға арналған қоларбада жатқан кішкентай бала табылды. Ол жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Автокөліктің жүргізушісі, (көліктің иесі) Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Жауап ала келе ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты. Жүргізілген медициналық куәландыру Тoyota Land Cruiser жүргізушісінің алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті.