Жылу желілеріндегі зақымдануды жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды, орамдық желілерде 5 ақау анықталды.
ERNUR.KZ. Екібастұзда жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды, деп жазады inbusiness.kz.
2022 жылғы 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-да сағат 01.30-да жылу желілеріндегі зақымдануларға байланысты желілік судың қысымы төмендеді, нәтижесінде №11, 13, 14, 15 су жылыту қазандықтары тоқтатылды, сондай-ақ №8 энергетикалық қазандық қолмен тоқтатылды.
Жылу желісін толықтыру сағатына 400 тонна болып тұр, норма кезінде бұл көрсеткіш шамамен сағатына 900 тонна. Жылу желілеріндегі жеткізу температурасы: график бойынша – 87 градус, іс жүзінде 51 градусқа дейін төмендеді.
Жергілікті жерде барлық техникалық қызметтердің, энергетикалық кәсіпорындар басшылығының және ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.
Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 4 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желісі айналымда. Жылу желілеріндегі зақымдануды жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды, орамдық желілерде 5 ақау анықталды, басқа да зақымдануларды іздеу жұмыстары жалғасуда.