Екібастұзда ер мен әйел полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен

0
2 091

Полицейлердің киім-кешектері мен қызметтік көлік құралдары зақымданған.


Екібастұзда ер мен әйел полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен

ERNUR.KZ. Екібастұзда ер адам мен әйел кісі полиция қызметкерлерімен төбелескен, деп жазады Tengrinews.kz.

22 сәуір күні сағат 17:20-да Екібастұз полициясына Пішенбаев көшесіндегі дүкеннің жанында мас адамдар ішімдік ішіп жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Полицейлер оқиға орнына барған кезде дерек расталған. Шынымен де дүкен маңында 34 жастағы ер мен 32 жастағы әйел адам болған. Полицейлер екеуін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізу туралы шешім қабылдаған. Алайда олар полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

Полицейлердің киім-кешектері мен қызметтік көлік құралдары зақымданған.

Ұсталғандар "орташа" дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған. Барлығы уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.