21 тамыз күні сағат 01.50-де М.Жүсіп көшесіндегі пәтерде 18 жастағы жігіт мас күйінде екінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен.
ERNUR.KZ. 34 жастағы азамат дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп жазады pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 тамыз күні сағат 09.15-те Энергетиктер көшесіндегі пәтерде ер адам екінші қабатта орналасқан балконнан құлап кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, 21 тамыз күні сағат 01.50-де М.Жүсіп көшесіндегі пәтерде 18 жастағы жігіт мас күйінде екінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен. Сол аяқтың жіліншік сүйектің төменгі үштен бір бөлігі мен сол аяқтың төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынуы тіркелген болатын.