Екібастұз қаласында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды.
ERNUR.KZ. Құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер оны екі күн бойы іздеген, деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 08.03-де Екібастұз қаласынан 15 шақырым шалғай жерде ГРЭС-1 гидротехникалық ғимаратының маңайында 32 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Ол 26 маусымда шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен.
Бұған дейін еріктілер суға батып кеткен ер адам туралы хабарлаған. Ол әйелімен бірге шомылуға барған. Оқиға орнына құтқарушылар келді. Бірақ суға түскен жігітті ұзақ уақыт таба алмады.