Екібастұзда жылу электр орталығының істен шығуына байланысты тұрғындарға қауіп төніп тұр

0
529

Екібастұз жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары тағы да кешігіп жатыр. Қала тұрғындары дабыл қаға бастады.


Екібастұзда жылу электр орталығының істен шығуына байланысты тұрғындарға қауіп төніп тұр

ERNUR.KZ. Өйткені бір күн бұрын салынған магистральді жылу құбыры сынақ кезінде жарылып кеткен, деп жазады Stan.kz.


Тіпті, бір отбасының үйінің қақпасын бұзып әкетіп, ауласын батпаққа айналдырған.

"Біз қатты қорықтық. Себебі су цунами секілді ағып кірді. Қысымнан құбыр жарылған кезде тас аралас құм бірге шыққан. Осыны қадағалайтын бірде-бір қызметкерді көрмедім. Жақын маңда балалар болса ше? Мүліктер де жарамсыз болып қалды. Бақшадағы көкөністер де бұзылып кетті", – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Наталья Ситдикова.

Тағы бір отбасының құрылыс материалдары жарамсыз болып қалды.

"Құрылыс материалдары жарамсыз болып қалды. 20 қап цемент, бір жарым текше метр тақтай, жаңа есік – бәрі су астында қалды", – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Марат Өтегенов.

Шығынды кім өтейтіні белгісіз. Жәбірленушілер прокуратураға шағым түсірді. Өткен қыста тоңған тұрғындар биыл жылу уақытылы берілмей ме деп қауіптенуде. Өйткені қаладағы жылу құбырларын жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Мәселен, Екібастұз қаласының орталығында сәуір айында тартылған магистральдық құбырлар әлі күнге дейін бір-біріне қосылмаған.