Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет келесі жылдан бастап аталмыш жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтап жатқанын жеткізді.
ERNUR.KZ. Екібастұздағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін екі жобаны іске асыру қажет. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары барысында айтылды, деп жазады sputnik.kz.
Бірінші жоба – Екібастұз ЖЭО-ға техникалық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін магистральдық құбырдың құрылысы.
Екіншісі – жаңа жылу магистралінің құрылысы. Бұл қаланың төрт шағын ауданындағы жылу жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз етіп, 9 мыңнан астам қала тұрғынын жылумен қамтамасыз ету параметрлерін айтарлықтай жақсартады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет келесі жылдан бастап аталмыш жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтап жатқанын жеткізді.