"Екіншісін алса, біріншісін тастамасын". Тоқтар Серіков тоқал алуға қарсылық білдірмеді

0
2 180

Төрт ұлдың әкесі әнші Тоқтар Серіков көп әйел алғысы келетін ер азаматтарға өз кеңесін айтты


Фото:ғаламтордағы ашық дереккөзден

ERNUR.KZ Қолы қалт етсе балаларына асығып тұратын әнші Тоқтар Серіков көп әйел алғысы келетін ер азаматтарға өз ақылын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Тоқтар Серіковтың ойынша балалары мен оның анасын ренжіткен отағасы өмірде оңбайды.

"Үйленсін. Екінші әйел, үшінші әйел алсын. Бірақ, біріншісін тастамасын. Үшінші әйел алса, екіншісін тастамасын. Шама жеткенше солай істеген дұрыс. Баласын, қызын жылатқан адам өмірде оңбайды. Мен соны білемін", - дейді ол.

Ал, желі қолданушылары көпшілігі әншіні жақтаса, кейбір оқырмандар үзілді-кесілді келіспейтіндіктерін жеткізді.

"Менің күйеуім байып жатсақ тоқал емес, бала асырап аламыз" деп айтады", "Орынды сөздер. Бала-шағасын тастаған әке оңбайды", "Алла разы болсын! Көпті көрген ер азамат қой", "Бай болып, күйеуім тоқал алғанша қарапайым, бірақ бақытты өмір сүргеніміз артық", - деп жазды желі қолданушылары.