Экология министрлігі мен «ӨКМ Операторының» лауазымды тұлғалары 180 млрд теңгені жымқырмақ болған

0
678

Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, ақшалай қаражат бұғатталды.


Экология министрлігі мен «ӨКМ Операторының» лауазымды тұлғалары 180 млрд теңгені жымқырмақ болған

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның үйлестіруімен «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің 180 млрд теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлаудың алдын алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығы электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру жолымен кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрлауға ниеттенген», - делінген Антикор хабарламасында.

Бұл ретте электр энергиясын мемлекет 15 жыл ішінде негізсіз жоғары тариф бойынша сатып алуға және жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуге кепілдік беруі керек болған.

Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, ақшалай қаражат бұғатталды.

«Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басшылары қамауда жатыр. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды», - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.