​Екпе алудың 6 негізгі себебі

0
1 918

Бүкіл әлемде жыл сайын 5 миллионнан аса адам көз жұмған шешек ауруы толығымен 1978 жылы жойылды, және бүгінгі таңда бұл індет жайында барлығы ұмытқан.


​Екпе алудың 6 негізгі себебі

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы екпе алудың алты негізгі себебін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

• Иммундау адам өмірін құтқарады Балалардың жоспарлы иммундауы енгізілгенге дейін инфекциялық аурулар әлемде болатын балалар өлімінің жетекші себептерінің бірі болған еді. Мысалы, бүкіл әлемде балалар өлімінің жетекші себептерінің бірі болып саналатын қызылша ауруынан 2003 жылы Еуропа елдерінде 4,5 мыңнан аса баланың өмірі қиылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қызамық жыл сайын шамамен 300 мыңнан астам баланы мүгедек қылуда.
• Инфекциялық аурулардың таралуы үнемі күрделі қауіп төндіреді Дифтерия. Бұл мыңдаған адамның өмірін жалмаған ауру Еуропада ХХ ғасырдың бірінші жартысында кеңінен тарала бастады. 60-шы жылдардан бастап балаларды жаппай дифтериялық анатоксинмен иммундау аурудың бірден төмендеуіне әкелді, ал 70-80 жылдары дифтерия сирек кездесетін ауруға айналды. Қызамық. Соңғы жылдары Еуропа өңірінің елдері ірі және кездейсоқ пайда болатын аурулармен, әсіресе қызылшамен күресуге мәжбүр болуда. 2017 жылдан бастап қызылшаның таралуы Аустрия, Болгария, Германия, Италия, Ирландия, Нидерланд, Біріккен Әмірлік, Франция және Швейцария, Украина, Ресей, Қазақстанды қоса, көптеген Еуропа елдерінде тіркеле бастады, өйткені бірнеше жылдарда вирус келгеннен кейін ауруға шалдыққан адамдар тобы кеңінен және жылдам тарай бастады.
• Инфекциялық аурулар көптеген өмірлерді әкетуде, сонымен қатар көп адамдарды мүгедек қылуды жалғастыруда;
• Вакцинамен ескертілетін ауруларды жеңуге және жоюға болады; Бүкіл әлемде жыл сайын 5 миллионнан аса адам көз жұмған шешек ауруы толығымен 1978 жылы жойылды, және бүгінгі таңда бұл індет жайында барлығы ұмытқан.
2002 жылы Қазақстан Республикасы полиомиелиттен азат мемлекет ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан сертификат алған.
• Иммундау экономикалық шығындар тұрғысынан өте тиімді шара болып табылады 2002-2003 жылдары Батыс Еуропада таралған қызылша ауруымен байланысты шығындарды талдау барысында жүргізілген бағалауларға сәйкес, тікелей кеткен шығыстар 9,9-12,4 миллион евроны құрады, бұл 95% қамтылу деңгейінде екі вакцина дозасымен 1 358 100 баланы вакцинациялау үшін қажетті сомаға тең.
• Әр бала вакцинация алуы тиіс Сіреспе сияқты басқарылатын инфекциядан ұжымдық иммунитет есебінен қорғану мүмкін емес, өйткені бұл ауру сіреспе таяқшаларының өзегі орналасқан шаң арқылы беріледі. Егер Сіздің балаңыз сіреспеге қарсы екпе алмаған болса, онда басқа балалардың екпе алғаны не алмағаны маңызды емес – балаңыз бәрібір аурудан қорғалмаған болып саналады.