Шетелдік студенттер Қазақстан аумағына оқуға тұрғылықты елдің уәкілетті органы растаған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болған жағдайда ғана жіберіледі.
ERNUR.KZ. Жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттер вакцинацияны оқу орны орналасқан аумақтағы медициналық ұйымдарда аяқтайды, деп жазады baq.kz.
ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында осылай деп айтылған.
Құжатта жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттерді оқу орны орналасқан аумақтағы медициналық ұйымдардың егу пункттерінде вакциналау ұйымдастыру керектігі айтылған.
Ал шетелдік студенттер Қазақстан аумағына оқуға тұрғылықты елдің уәкілетті органы растаған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болған жағдайда ғана жіберіледі.
"Шетелдік студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберілсін", - деп жазылған құжатта.Сондай-ақ медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа вакциналау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсы бар болған кезде кіруіне рұқсат етіледі.