Экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты

0
638

Сот үкімімен ол 11 жылға сотталды.


Экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматыда Жомарт Ертаев пен Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты үкім шықты. Сот үкімімен экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте айыпталушы Жомарт Ертаев Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында соңғы сөзін айтты. Екі жылдан астам уақыт қамауда болған экс-банкир бұрын қой баққанын, барахолкада сауда жасағанын айтты.

Өмір тарихын баяндаған Ертаев жасаған ісіне өкінетінін, алайда мақтанышпен айта алатын алатын сәттері де көп екенін жеткізді.

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыруға қатысты тергеу 2017 жылы басталып, Жомарт Ертаев 2018 жылдың 8 мамырында қамауға алынды. Тергеу дерегінше, ақша жымқыру 6 жылға жалғасқан. Жымқыруға қатысы бар 36 банкирдің үстінен жүріп жатқан қылмыстық іс 700 томнан тұрады.

Ертаев сөзінің соңында жәбірленушілермен есеп айырысып, балаларының өсіп-өнуіне жағдай жасағысы келетінін айтты. Ал мемлекеттік айыптаушы 48 жастағы Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.