Экс-министр Елжан Біртанов қайтадан үйқамаққа жабылуы мүмкін

0
421

Прокурорлар бұрынғы шенеуніктің сыртқа шығуына тиым салу санкциясының мерзімін ұзартуды сұрап отыр.


Экс-министр Елжан Біртанов қайтадан үйқамаққа жабылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Жуырда ғана жұмыс істеуге рұқсат алған экс-министр Елжан Біртанов қайтадан үйқамаққа жабылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Себебі, прокурорлар бұрынғы шенеуніктің сыртқа шығуына тиым салу санкциясының мерзімін ұзартуды сұрап отыр. Сөйтсе, мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, бұрынғы шенеунік үйқамақта болған кезде негізгі ережелерді өрескел бұзған.

Осылайша, бүгін атышулы Біртанов ісі жаңаша қарқын алды. Нақты қандай айыптардың тағылып жатқаны да белгілі болды. 1,5 млрд теңгені талан-таражға салғаны да айтылды. Қомақты қаражат қайда кеткен?