Ел аумағындағы көпқабатты үйлерде коммуналдық қызметті есептеу құралдары жаңартылады

0
1 178

Бұл жылуды тұтыну бойынша шығыстарды 36%-ға үнемдеу және​ ​ЖҮҚ тұтынушыларға нақты қолданған ресурстар үшін ғана төлеу мүмкіндігін береді.


Ел аумағындағы көпқабатты үйлерде коммуналдық қызметті есептеу құралдары жаңартылады

Қазақстанның 16 аймағындағы 190 үйге жалпы үйлік жылуды, суды және электрді есептеу құралдары орнатылатын болады. Бұл тұтынушыларға нақты қолданған ресурстар үшін ғана төлеу мүмкіндігін береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерін өңірлік жоспарлармен көппәтерлі тұрғын үйлерді (КТҮ) құралдандыру және толық масштабты техникалық түгендеу бойынша тыңдауды аяқтады. Аталған жұмыс ТКШ саласындағы бірыңғай интелектуалдық ақпараттық жүйені одан әрі енгізу мақсатымен жүргізілді.

Тыңдаудың нәтижесінде 16 Жол картасына қол қойылды, оларға сәйкес 16 аймақтағы 190 пилоттық үйлерде, ол шамамен 15 мың пәтерлер, жалпы үйлік жылуды, суды және электрді есептеу құралдары (ЖҮҚ) орнатылатын болады. Бұл жылуды тұтыну бойынша шығыстарды 36%-ға үнемдеу және ЖҮҚ тұтынушыларға нақты қолданған ресурстар үшін ғана төлеу мүмкіндігін береді.

Пилоттық режимде құралдандыру бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Осылайша, коммуналдық желілерді цифрландыру есептеу құралдарының көрсеткіштерін автоматты жинауды жүзеге асыру мүмкіндігін береді, бұл адами факторды жояды және есеп-шоттарды қою кезінде ашықтықты қамтамасыз етеді. Үйлерді басқарудың онлайн-жүйесі басқарушы компаниялардың (ПИК) операциялық қызметін ашық жүргізу мүмкіндігін береді. Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерінің жоспарлы цифрландыруы олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және энергия ресурстарын өндіру мен тұтыну балансын жақсартады. Барлық осы деректер бірыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйенің негізін құрайды», - дейді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мейржан Майкенов.