Елбасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

0
2 335

Кездесуде осы жылы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды.


Елбасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуде осы жылы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Құрметті Төрағасы болып саналатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) және Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесулерінің алдағы уақытта өтетін жиындарына ерекше мән берілді.

Елбасыға одақтас және стратегиялық серіктес елдердегі жағдай, Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына төрағалық ету кезеңінде атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.