Бұған дейін Батырбек Байбосыновқа Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару жүктелген болатын.
Батырбек Байбосынов Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Тұңғыш президент – Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымынан босатылған болатын.