Елбасының өкілеттігін одан әрі қысқарту мәселесі күн тәртібінде жоқ – Мусин

0
796

Министр Қазақстанда Конституция бойынша заң шығару бастамасы құқығы үш субъектіге – президентке, үкіметке және парламент депутаттарына тиесілі екенін еске салды.


Елбасының өкілеттігін одан әрі қысқарту мәселесі күн тәртібінде жоқ – Мусин

ERNUR.KZ. ҚР Әділет министрі Қанат Мусин ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін одан әрі қысқарту мәселесі парламент мәжілісінің күн тәртібінде жоқ екенін айтты, деп жазады Zakon.kz.

Биылғы оқиғалар Қазақстанның Тұңғыш gрезидентіне де айтарлықтай әсер еткені анық. Жалпы Қазақстанның мемлекет ретінде дамуында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев орасан зор рөл атқарғанын жоққа шығаруға болмайды. Мұны ескеруіміз керек. Бұл туралы мемлекет басшысы да айтты. Тарихын ұмытқан халықтың болашағы жоқ, – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген Әділет министрі Қанат Мусин.

Министр Қазақстанда Конституция бойынша заң шығару бастамасы құқығы үш субъектіге – президентке, үкіметке және парламент депутаттарына тиесілі екенін еске салды. Әділет министрлігінің мемлекеттік орган ретінде заң шығаруға бастамашылық жасауға құқығы жоқ. Тиісінше, оның парламентке Тұңғыш президент туралы заңнаманы жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге құқығы жоқ.

Бұл заңды («Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы туралы») өзгерту қажеттілігі ең алдымен халықтың пікіріне байланысты. Бұл мәжіліс депутаттарының өкілеттігі арқылы да, заң шығару бастамасының басқа субъектілерінің өкілеттігі арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан қазір мен сіздің «Бұл өзгере ме және қашан?» деген сұрағыңызға жауап бере алмаймын. Өйткені ол мәжілісте күн тәртібінде тұрған жоқ. Болашақта көре жатармыз.Қанат Мусин

Еске салсақ, бұған дейін сенат конституциялық заңға Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын түзетулер қабылдаған болатын.

Сонымен қатар, 5 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қауіпсіздік кеңесінің басшысы қызметін тапсырды.