Елдегі суды тұтыну тарифі қайта қарастырылады - Экология министрлігі

0
575

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында жаңа Су кодексі дайындалып жатыр.


Елдегі суды тұтыну тарифі қайта қарастырылады - Экология министрлігі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында жаңа Су кодексі дайындалып жатыр.

Бүгінгі күні кодекс жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді. Жоба наурызда Парламентке енгізіледі. Бұдан басқа, елдегі су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын және су саласын дамытудың үш жылдық кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Жобалар мемлекеттік органдармен келісу сатысында, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министр саланы ғылыми қолдау мәселесін шешу үшін қандай шаралар атқарылып жатқанына тоқталды.

Министрліктің, Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қарамағындағы, оның базасында Ақпараттық-талдау орталығымен мықты салалық институт құрылып, оған ақпараттық-талдау негіздемелерін әзірлеуді бекітілді. Трансшекаралық өзендер бойынша зерттеулер жүргізіліп, су ресурстарын бағалауды жүзеге асыру, оны күшейту бойынша жұмыстар істеп жатырмыз. Бұл бастама Су кеңесінің отырысында қолдау тапты. Штаттың шектеулі болуына байланысты уәкілетті орган сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы әрекет етудің бірыңғай стратегиясын әзірлей алмайды. Сондай-ақ суды пайдалану тиімділігін арттыру үшін салааралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қауқарсыз, - деді Зүлфия Сүлейменова.

Сонымен қатар ол аталған саладағы штат санын көбейту керектігіне тоқталды.

Су саясатын толық іске асыру үшін су ресурстары комитетінің орталық аппараты деңгейінде де, Аумақтық бөлімшелер деңгейінде де штат санын ұлғайту қажет. Осыған байланысты, Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша функционалдық талдау жүргізу аяқталуда, оның қорытындысы туралы Су кеңесінде баяндаймыз. Бұдан басқа, бүгінгі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Су саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің базалық ұйымы болып белгіленді. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша біз Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп су тұтынушыларға арналған тарифтерді қайта қарастырып жатырмыз, - дейді министр.