Елдің бәрінің жүйкесі жұқарып кеткен – Бекболат Тілеухан

0
974

Депутат лотерея өткізуді жүйелеу керектігін айтты.


Елдің бәрінің жүйкесі жұқарып кеткен – Бекболат Тілеухан

ERNUR.KZ. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан әлеуметтік желі арқылы лотерея ойнатып кеткендердің көп екенін айтты, деп жазады baq.kz.

Лотерея өткізу құқығы жалғыз "Сәтті жұлдыз" операторына беріліп отыр. Ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылы лотерея ойынынан 376 млн теңге қаржы түссе,соның 40 млн теңгесін спортты дамыту үшін Ұлттық Олимпиада комитетіне аударған (ҰОК). 2019 жылы 125 млн теңге болған. Жиналған қаражаттың 50 %-ы жүлде қорына жұмсалса, 10 %-ы ҰОК есебіне аударылады. Ал қалған 40 % қайда екені түсініксіз" - дейді Бекболат Тілеухан.
Оның айтуынша, осы жерде сол 40 %-ды басқа әлеуметтік мақсаттарға жұмсау керек деп отыр.
Қазір әлеуметтік желінің дамыған заманы. Осы арқылы көлігін, кітабын, көйлегін т,б заттарын ойнатып жатқан азаматтардың сауда-саттығы тым көбейіп кетті. Заң бойынша коммерциялық бағытта деп айтылатын шығар. Бірақ лотерея болғандықтан барлық жерде ойнатылу тәртібі бірдей. Ұтыламын деп ешкім ойнамайды. Бәрі қызығып ойнайды. Елдің бәрінің ұтысқа ие болмайтыны анық. Егер бәрі ұта беретін болса, "Сәтті жұлдыз" сәтсіз жұлдыз болып қалатыны анық. Онсызда елдің бәрінің жүйкесі жұқа. Бір жыл ойнайды, екі жыл ойнайды ештеңе ұтпаса қаншама ақшам зая кетті деп шырылдайды. Сосын ақшамды қайтар деп келіп тұрса таңқалмаңыз. Себебі, ойынға қатысып жатқандардың көпшілігі қарапайым азаматтар. Сондықтан лотерея өткізуді жүйелеу керек, - дейді депутат.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасы талқыланып жатыр.