"Электрошокер мен таяқпен ұрды". Атырауда шетелдік қыз құлдықта болған

1
2 623

Ол Ташкенттен Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген.


ERNUR.KZ. Атыраулық әйел адам шетелдік қызды құлдықта ұстаған. Бұл туралы "Қорғау-Астана" қорының өкілдері айтты. Қор қызметкерінің сөзінше, ол Өзбекстан азаматшасын құжатын тартып алып, күшпен қамап, электр тоғымен және таяқпен ұрған. Полиция өкілдері шетелдік қызды құлдықта ұстағандардың ісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

23 жастағы Фатиманың (есімі өзгертілді) оқиғасы әлеуметтік желіде тарады. Желіде жәбірленушіні "13 жастағы бала секілді біртүрлі қыз" ретінде сипаттаған. Ол Ташкенттен Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген.

"Тіркеуден Мадина есімді (өзгертілген) "иесі" өткізген. Ол жәбірленушінің құжаттарын тартып алып, қамап қойған. Сөйтіп Фатима базарда көкөніс сатумен айналысқан.
Мадина Фатимаға айлығын Өзбекстанға қайтатын уақытында беретінін айтқан, алайда нақты қанша беретінін айтпаған", - дейді қор өкілдері.

Екі айдан кейін Мадина Фатиманы үйіне алып кеткен, сөйтіп балаларын бақтырып, үй тазалау жұмыстарын міндеттеп қойған. Ол жәбірленушіге 100 еуро төлейтінін айтқан. Алайда қор өкілдерінің сөзінше, ақыры жалақы төленбеген. Фатима 2020 жылдың тамыз айына дейін бір жылдай істеп, кейіннен ақшасын алуға тырысқан.

"Мұны естіген Мадина ашуланып, Фатимаға қол көтеріп, элекрошокермен және таяқпен ұрған. Сөйтіп Фатима қорыққанынан Мадинаның үйінде жұмыс істеуін жалғастыра берген. Оның құжаттары үй иесінің сейфінде тұрған", - дейді қор өкілдері.

Тамыздың соңында Фатима қашып шыққан. Белгісіз әйел оған 500 теңге беріп, таксиге отырғызып жіберіп, полицияға шағымдану керегін айтқан.

Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің өкілдері болған оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Бізге "Қорғау-Астана" қорының төрағасынан өтініш түсті. Әйел адам Атырау қаласында дене жарақаттары мен басқа да зорлық әрекеттеріне ұшырағаны анықталды. Өтініш тіркелді, іс материалдары аймақ бойынша жіберілді", - деді ведомство өкілдері.