​"Елік деп шатастырған": Әйелді байқамай атып өлтірген СҚО тұрғыны үш жылға сотталды

0
552

Сотталушыға абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз алу, сақтау, алып жүру айыптары тағылды.


​

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында әйелді қателесіп атып өлтірген ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сотталушыға абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз алу, сақтау, алып жүру айыптары тағылды. Сот оның оптикалық көздеуышы мен патрондары бар винтовкалық спорттық және аңшылық қаруды заңсыз иемденгенін анықтады.
2022 жылы 11 шілдеде ол ауылдық жолмен келе жатып, бидай алқабынан елікке ұқсақ нәрсені көреді. Алайда бұл адам болып шығады. Сотталушы Жамбыл облысының 49 жастағы тұрғынына оқ атқан. Ол жараланып, қаза тапты.
Ер адам кінәсін мойындады. Прокурор жаза ретінде оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот оның шын жүректен өкінуін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп санады. Алайда ол қылмыс жасаған кезде мас болған.
Сот ер адамды үш жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақы төлеуі тиіс.