​Елімізде 2018 жылы сатылған автокөліктердің 56,3% отандық өнімдер

0
1 436

2018 жылы Қазақстан халқы отандық көлікті сатып алуға 182,5 млрд теңге жұмсапты


​Елімізде 2018 жылы сатылған автокөліктердің 56,3% отандық өнімдер

ERNUR.KZ. Қазақстан автоөндіру саласы қайта қалыпқа келу үрдісін жалғастыруда. 2018 жылы елімізде сатылған автокөліктердің 56,3 пайызы отандық өнімдер. 2019 жылы мемлекеттік несиелеу бағдарламаларының арқасында бұл көрсеткіш жоғарылай түседі деген ойдамыз. Бұл туралы «Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағы "ҚазАвтоПром"-ның заңды тұлғалар бірлестігі директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алфёров Алматыда өткен брифинг кезінде айтты, деп жазады BAQ.KZ.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстанда 32 298 автокөлік құралы өндірілген, оның ішінде жеңіл көлік, жүк көлігі, автобус және арнайы ыңғайландырылған машиналар бар. Сондай-ақ бұлардың жалпы құны 206 млрд теңгені құраған.

«Елімізде өндірілген жеңіл автокөліктің үлесі 78,8% дейін жетіп, 30 016 бірлікті құрады. Оның 18 250 бірлігі «Азия авто» АҚ-ның үлесі. Ал «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-і 11 766 бірлік көлік шығарған. Автобус өнімдерін өндіру 1,8 есеге төмендеген. Сондай-ақ жүк көліктері мен арнайы ыңғайландырылған көліктер өндірісі де төмендеген. Тіркеуіштер өндірісі 250 дене 510 бірлікке дейін артқан», - дейді О.Алфёров.

2018 жылы Қазақстан халқы отандық көлікті сатып алуға 182,5 млрд теңге жұмсапты, бұл жылдардағы көрсеткіштен 71% жоғары екен.

Жиын барысында О. Алфёров елімізде үлкен сұранысқа ие болып отырған отандық автокөліктерге де тоқталып өтті.