Елімізде алдағы үш күн жаңбырлы болады

0
2 008

Синоптиктер ​14-16 мамырға арналған ауа райын ұсынды.


Елімізде алдағы үш күн жаңбырлы болады

"Қазгидромет" орталығының мамандары 16 мамырға дейінгі ауа райы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Республика бойынша ауа райы құбылмады болады деп күтіледі. Бұған синоптикалық процестердің тез өзгеруі әсер етеді", - дейді синоптиктер.


Қазақстан аумағы арқылы өтетін фронтальды учаскелер жаңбыр мен найзағаймен бірге аймақтарға көбірек таза ауа массаларын әкеледі.

Күндізгі температура 24-33 градус жылыдан 15-27 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде тұман түсіп, нөсер, бұршақ болуы мүмкін.