Елімізде бір-ақ жағдайда ғана өлім жазасы қолданылады

0
1 466

БҰҰ-ның 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактіні дамыту үшін қабылданған екінші халықаралық құжат біздің елде 2005 жылы ратификацияланды.


Елімізде бір-ақ жағдайда ғана өлім жазасы қолданылады

ERNUR.KZ. Парламентте «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасы қаралды, деп жазады inbusiness.kz.

БҰҰ-ның 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактіні дамыту үшін қабылданған екінші халықаралық құжат біздің елде 2005 жылы ратификацияланды.


«Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап БҰҰ мен ЕҚЫҰ мүшелігі тұрғысында қабылданған адам құқықтары саласындағы міндеттемелерге сәйкес өлім жазасын қолдануды біртіндеп тарқату және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын жүргізіп келеді.

ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдануға мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Сәйкесінше жазаның бұл түрін қолдану толығымен тоқтатылды. Жаһандық үдерістерге белсенді ықпалдасу саясатын жүргізу, сондай-ақ әлемдік оболюцианистік трендті назарға ала отырып 2019 жылғы желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екінші факультативті хаттамаға қосылу рәсімін бастауды тапсырды. Осылайша президенттің жарлығына сәйкес 23 қыркүйекте БҰҰ жаныдағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров екінші факультативті хаттамаға қол қойды. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы заңының 11 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес, екінші факультативті хаттама ратификациялануы тиіс. Халықаралық құжатқа сәйкес қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау және өз заңнамасы шеңберінде өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды. Жалғыз ерекшелік соғыс уақытында өлім жазасын қолдану туралы заңды түрде рәсімделген ескертпе болған жағдайда рұқсат етіледі», – деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Оның түсіндіруінше, Қазақстан өлім жазасын бір жағдайда ғана қолдану құқығынан бас тартпаған.


«Қазақстан Республикасы екінші факультативтік хаттаманың 2-бабына сәйкес соғыс уақытында жасалған әскери аса ауыр сипаттағы қылмыс үшін кінәлі деп танылғандарға соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқықығын өзіне қалдырады, – деді Мұхтар Тілеуберді.