Елімізде бірыңғай электрондық оқырман билеті енгізілмек

0
3 060

200 мыңнан аса оқырман электрондық кітапханалардың қызметіне жүгініп отыр.


Елімізде бірыңғай электрондық оқырман билеті енгізілмек

ERNUR.KZ. Бұл туралы «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

«Алдағы уақытта Қазақстан кітапханаларының жиынтық электронды каталогы жасалатын болады. Сонымен қатар билинг жүйесі арқылы оқырмандарға кітапханалар қорының қолжетімділігін арттыру мақсатында жұмыстар атқарылады. Бұған қоса бірыңғай электрондық оқырман билеті енгізіледі. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың электрондық қорында 60 мыңнан астам материалдар сақталған. Оның санын арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, елімізде 200 мыңнан аса оқырман электрондық кітапханалардың жұмысына жүгініп отыр», – деді вице-министр.