Елімізде дәріске кіретін студенттерге 500 теңге төлейді

0
1 414

ERNUR.KZ.Астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері өз орнына сабаққа баратын адамдарға ақы төлеуге дайын екенін білдірді.


Елімізде дәріске кіретін студенттерге 500 теңге төлейді

фото modolabs.com

ERNUR.KZ.Астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері өз орнына сабаққа баратын адамдарға ақы төлеуге дайын екенін білдірді. Бұл ақпарат "ВКонтакте" желісіндегі пабликтерде осындай қызмет ұсынған жарнамалар арқылы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аноним қолданушылар пән, уақыт, дәріс күні және оған төленетін сома көрсетілген жарнамаларды жариялап отырады. Бұған келіскендер жарнамаға плюс белгісін немесе лайк қояды.

"ВКонтакте" желісінде ашық қолданыстағы топ бар. Онда жазбалар қалдырып, астына плюстер қояды. Ол төлем үшін дәрісте отырып беруге дайын адамдар.

«Мұндайды бірнеше жыл бойы көріп келемін. Көбіне қалаға ауылдан келгендер. Олар сабаққа барып үлгермейтін болуы керек. Ал сабақтан қалуға болмайды. Сосын кейбірі сырқаттанғаны туралы анықтама керек деп жатады. Егер шамалаған уақытына анықтама ала алмаса, өзі үшін дәрісте отырып бергендерге ақша төлейді" дейді студенттердің бірі.

Бұл жарнамаларға қарағанда, бір дәрісте отырып беру құны 500 теңге. Ал кейбірі өз орына апталап та адам жалдайды екен.

"Мұндай посттар өте көп. Бір дәріске отырып беру құны 500 теңге. Бір күнге екі мың теңге, аптасына он мың теңге төлейді. Ақшаға конспект де сатып алуға болады. Студенттер өте көп. Кейде дәрісте ұйықтап отыратындар бар және оқу орнына мүлде қатысы жоқ адамдар да отырады" дейді студент қыз.