Елімізде демалыс күндері карантин күшейтіледі

0
581

Еліміздің өңірлеріндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуалға қарай әр облыстың бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысына сәйкес енгізіледі.


Елімізде демалыс күндері карантин күшейтіледі

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес 22 және 23 тамызда қоғамдық көліктің, сондай-ақ сауда орталықтары, сұлулық салондары, монша, азық-түлік базарлардың қызметі тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласында демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы да шектеледі. Дәмхана мен мейрамханада тағамды тапсырыс бойынша жеткізіп және келушілерге өзімен бірге алып кетуіне рұқсат етілді.

Ал, Алматыда сенбі және жексенбі күндері Медеу, Алма-Арасан және басқа да ұлттық парктерге баруға және тауға шығуға тыйым салынады.

Айта кетейік, еліміздің өңірлеріндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуалға қарай әр облыстың бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысына сәйкес енгізіледі.