Бұл азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін азайтады.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы жарлық шығарды, деп жазады holanews.kz.
Қазақстан Республикасындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 20 ақпанда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Н.Садвакасов дезинфекциялау және дератизациялау кезінде қолданылатын улы заттармен улану жағдайларын тіркеуге байланысты «Санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Жарлық шығарды.
Осылайша, қауіптілік класына 1,2,3 дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынады.
Бұл уақытша санитарлық шара азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін ҚР заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін азайтатын болады.