Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2022 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп жазады Zakon.kz.
"2022 жылғы 1 сәуірден бастап осы уақытқа дейін тағайындалған жұмысқа жарамсыздық және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының төрт пайызына ұлғайтылсын", – делінген құжатта.
Бұл шешім халықтың аз қамтылған тобына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қабылданды.
Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.