Елімізде ертең теле және радио жұмысы уақытша тоқтатылады

0
922

Цифрлық, аналогтық телехабар тарату және радиохабар тарату желілеріндегі жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізіледі.


Елімізде ертең теле және радио жұмысы уақытша тоқтатылады

ERNUR.KZ. Ертең, 31 шілдеде Қазақстанда теле және радиохабар тарату жұмыстары тоқтатылады, деп жазады nur.kz.

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы хабарлағандай ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 03:00-ден 17: 00-ге дейін жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жоспарланған.

Сондай-ақ эфирлік цифрлық, аналогтық телехабар тарату және радиохабар тарату желілеріндегі жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізіледі.

Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында телевизия мен радио өз жұмысын уақытша тоқтатады.