Елімізде ішкі миграция деңгейі төмендеді

0
847

​Былтыр 2020 жылмен салыстырғанда республика бойынша қоныс аударған қазақстандықтардың саны 88,7 мың адамға қысқарды.


Елімізде ішкі миграция деңгейі төмендеді

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар ел ішінде көп қоныс аудармайтын бола бастады. Мұны статистикалық деректер айғақтайды. Мәселен 2021 жылы ел ішінде қоныс ауыстырғандар саны 756,5 мың адамды құрады. Бұл соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіш, деп жазды inbusiness.kz.

Бірінші кредиттік бюроның сараптамалық арнасына сілтеме жасап. 2020 жылмен салыстырғанда республика бойынша қоныс аударған қазақстандықтардың саны 10,5%-ға немесе 88,7 мың адамға қысқарды.

Бұл ретте Қазақстанда 4 облыс оң сальдо байқалады. Халық көбінесе республикалық маңызы бар қалаларға, атап айтқанда, Шымкентке (өсім 9,8 мың адамды құрады) және Маңғыстау облысы (өсім 239 адам) көшкен. Ал керісінше ең үлкен теріс сальдо Түркістан облысында (халық саны 21,3 мың аязайған) байқалады.

Атырау облысында ішкі көші-қон балансы соңғы 10 жылдағы ең төмен көрсеткішке жетті. "Солтүстік және батыс аймақтардың тұрғындары басқа аймақтарға жиі көше бастады, ал оңтүстік тұрғындары керісінше солтүстікке қарай қоныс аударуда", – деп жазылған бюро таратқан хабарламада.