Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.
ERNUR.KZ. Коронавирус тіркелгелі бері еліміздегі стационарларға 21 шетелдік азамат түсті. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфирде айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Коронавирус жағдайы тіркелгелі еліміздегі стационарларға 21 шетелдік азамат түсті. Оның 14-і емделіп шықты. Жетеуі қазір емделіп жатыр, оның екеуі - Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі - Атырауда, біреуі - Қостанай облысында және енді біреуі - Солтүстік Қазақстан облысында. Олардың жағдайы бірқалыпты», - дейді ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, отбасылық мерекелерді өткізуге тыйым салынған.
«Аймақтардың бірінде тыйым салынғанына қарамастан ауызашар жасаған жағдай кездесті. Қонаққа барғандардың ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам болған. Сондықтан қонаққа баруды, қонақ шақыруды, ауызашарға баруды тоқтату керек», - дейді ол.